«Жетісу» телеарнасының директоры Құранбек Бейсен Абайұлымен кездесу

Бүгін колледж жастарын жігерлендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері , Президент сыйлығының иегері, «Жетісу» телеарнасының директоры Құранбек Бейсен Абайұлымен «Жалында, жастар жылында!» атты кездесу өтті. Кездесу барысында жастарға ағылшын тілін жетік үйренуге, жалпы тіл білгеннің өмірдегі алар орны зор екенін, жігітке тән жеті қасиетті ұмытпауға, қалай білікті маман болу керектігін айтып, ақыл кеңестерімен бөлісті.