«Sanaly urpaq» ерікті студенттік клубына қабылдау салтанаты

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Sanaly urpaq» ерікті студенттік клубына қабылдау салтанатты шарасы өтті.

Еріктілер қатарына колледжіміздің үздіктерінен құралған, 80 студент «Sanaly urpaq» клубына қабылдау рәсімінен өтті.

«Sanaly urpaq» ерікті студенттік клубының мүшелігіне өткен 1 курс студенттері Отанымыздың париоты болуға, ел үшін адал қызмет етуге, әділетті болуға ант берді.

Елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. «Sanaly urpaq» жобасы да осындай мақсатта қолға алынған.

Бұл әрине, бүгінгі ұрпақтың келешегі кемел болуына жасалған нақты қадамның-сәтті бастамасы.