Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

 Бүгін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 1 — наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған төтенше жағдайлардың алдын алу, білімгерлердің жауапкершілік пен Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында шара өтті.
Жиынға Алматы облысының өрт сөндіру құтқару спорты федерациясының Директоры, Н.Б.Қойшыбаев, Алматы облысының өрт сөндіру-құтқару спортының Жасөспірімдер құрама командасы жаттықтырушы, Азаматтық қорғау капитаны, Қ.Б.Қожабеков, Алматы облысы ТЖД кадр жұмысы бөлімі бас маманы, Азаматтық қорғау майоры А.С.Жолбосынов келіп, оқытушылар мен білімгерлерді Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс және «Алғыс айту» күнімен құттықтап, колледж директоры,ф-м.ғ.к Ерхат Биғалиұлына Алматы облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Е.Нұрпейісовтің атынан Алғыс хатты табыстады. Сонымен қатар, колледжіміздің АР-712б топ студенті Каменский Никитаны Қазақстан Республикасының Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы IV қысқы чемпионатына Алматы облысы ТЖД жасөспірімдер құрама командасы құрамында белсенді қатыса отырып, жалпыкомандалық ІІ орынды иеленгенгені үшін марапаттады.
Іс-шара Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс Басқармасының бастығы, майор И.Жуков мен Талдықорған ТЖБ аға офицері, майор Б.Манасовтың төтенше жағдайлар туындаған кездегі өздерін ұстай білу дағдылары жайында дәріс беріп, бейне ролик көрсетілуімен өз жалғасын тапты.
Жиынның келесі кезеңі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тәжірибелік іс-шаралармен ұласты.
Дабыл қағылып, білімгерлер, әкімшілік, инженерлік — педагогикалық құрам мен техникалық қызметкерлер колледж алаңына шықты. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары көрсетіліп, оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Айрықша жағдайлардағы іс-әрекеттерге жаттықтыру, эвакуация жасау өз дәрежесінде өтті.
Осы күнде бұл мейрам азаматтық қорғаныс сұрақтарына қоғамның назарын аударуға бағытталған. Сонымен қатар халық арасында қорғаныс тәсілдері мен құралдарын кең мағынада насихаттау басты назарда.
Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар өткізу өз жалғасын таба бермек.