Талдықорған политехникалық кәсіподақ ұйымы

Акашева Клара Болатқызы

Акашева Клара Болатқызы Талдықорған  политехникалық кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Жоғары санатты қазақ тілі пәнінің оқытушысы. Еңбек өтілімі 28 жыл. Білімі жоғары.

2014 жылдың сәуірінен бастап осы аталған қызметті атқарып келеді.     Колледж ұжымы толықтай кәсіподақ ұйымына кіреді.

«Білім және ғылым қызметкерлері кәсіп одағының Талдықорған политехникалық колледжі ұжымының кәсіподақ кеңесі», Қазақстан Республикасы азаматтарының ынтасымен олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасы Конституциясы кепілдік берген құқықтарын қорғау және жүзеге асыру үшін құрылған және оның мүшелерінің еркіндігі, тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық,есеп беру және жариялылық негізінде іс-әрекет жасайды.  Талдықорған политехникалық колледжі ұжымының кәсіподақ кеңесінің мекен –жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 226 Талдықорған политехникалық колледжі.

 

Талдықорған политехникалық колледжі кәсіподақ  ұйым қызметінің мақсаты мен түрлері

  • Педагогикалық қызметкерлердің еңбегі үшін мерзімді және әділетті төлем жүргізу, білімгерлердің шәкіртақыларын төлеу;
  • Салауатты және қауіпсіз еңбек, оқу жағдайларын жасау, кәсіптік біліктілігі мен шеберліктерін көтеру, медициналық қызмет көрсету, демалыс және сауықтыру мүмкіндіктерін арттыру;
  • Кәсіподақішілік тәртіпті сақтау ;
  • Колледж әкімшілігі (жұмыс берушінің) және білім жүйесі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауда қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық, еңбектік және басқа да құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Аз қамтамасыз етілген кәсіподақ мүшелеріне материалдық және қайырымдылық көмек көрсету, өзінің мүшелеріне материалдық көмек көрсету жөнінде қор құру ;
  • Сауықтыру шараларын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі, қызметкерлердің санаторлық-курорттық емделуін, олардың балаларының денсаулығын жақсартуды дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;
  • Кәіподақтағы белсенді жұмысы үшін кәсіподақ мүшесі алғыс, Құрмет грамотасымен марапаттау, бағалы сыйлық, ақшалай сыйлық сияқты мадақтаудың әр алуан түрлерімен аталып өтіледі.