JETISÝ ARBA BÁIGESI 2019

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «JETISÝ ARBA BÁIGESI 2019» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСЫП БАС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ.
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «JETISY MEDIA», Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастырумен 17-25 қыркүйек күндері аралығында  Алматы облысы Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында «JETISÝ ARBA BÁIGESI 2019»  атты халықаралық командалық жарыс өтті. Байқау Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды.
Апта бойы созылатын шараға Үндістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан сияқты елдердегі халықаралық университет және колледж студенттері қатысып, екі дөңгелекті ат арбамен жарысқа түсті . Сондай-ақ, жарыс барысында командалар лагерлерді өз бетінше орнатып, онда нағыз көшпенділердің тұрмысын ұйымдастырады. Жарысқа Қазақстан құрамасының атынан Осы 9 күндік жарыста  «Алтын керуен» , «Жетіген шоқ жұлдызы» және, «Жетісу арба бәйгесі» сияқты түрлі сайыстар ұйымдастырылып,өте тартысты, әрі қызықты болды. Қазақстан құрамасының атынан Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің КДМ жетекшісі Самидолданов Руслан, студенттеріміз  Фазылжан Бейбіт, Турдахун Мадина, Кадырова Патьям,Бекмұратқызы Жұлдыз,Тілепжан Дамир,Масақбаев Темірлан, Бимуханбетов Еркебұлан, Тәліп Батыржан, Хунчиев Мухумад қатысып,
Қазақстанды жырлайықшы ән қылып,
Еліміз біздің тұрады мәңгі жаңғырып.
Қазақстан және де қазақтарым
Жасай берсін, жасай берсін мәңгілік!-
деген өлеңмен  «JETISÝ ARBA BÁIGESI 2019» атты ең басты сайысынан  бас жүлдеге І орын, «Алтын керуен» сайысынан ІІ орын, «Жетіген шоқ жұлдызы» сайысынан ІІ орынға ие болды. Байқау мақсаты — Қазақстанда жастарға арналған жаңа ұлттық спорттық, туристік және мәдени хобби құру. Ұлы Жібек жолының керуен стиліндегі қазақтардың ежелгі көшпелі технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысының табиғатына саяхат жасауды көздейді. Сонымен қатар, байқау қазіргі жастардың интеллектуалды, көшбасшылық және командалық қасиеттерін көрсетіп, Жібек жолы елдерінің студенттері арасындағы мәдени алмасуға негіз болды. Мемлекеттер арасында болған жарыс бәсекелес болуға емес,бір бірімен нағыз дос болуға, татулыққа, және бауырмал болуға жетеледі. Колледжіміздің студенттері жарыстан өте жақсы әсер алып, керемет көңіл күймен оралды.