КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫНАН

    1935 жылы Қазақ ССР Жер істері Халық комиссариатының бұйрығымен Алматы облысының Талдықорған қаласында Талдықорған ауылшаруашылығын механикаландыру мектебі ашылды.

1947 бастап мектептің директоры Доргатов Рустам болды. Жоғары білімді адам, ол жеті жылдық мектепті, ФЗУ-ды бітіргеннен соң Ленинградтың кеңестік сауда институтын, Әскери автотехникалық училищені бітірген. Оқу орнын 1970 жылға дейін басқарып, колледждің қалыптасуына  зор үлес қосты.

1947-1950 жылдары 120 орындық жатақхана, 300 орындық оқу корпусы, асхана, басқа да шаруашылық құрылыстары салынды. Аталған құрылыстың барлығы бүгінгі колледж ғимараты орналасқан жерлерде тұрғызылған.

1952-1953 оқу жылының өндірістік көрсеткіштерінің  қорытындысы бойынша Талдықорған ауылшаруашылығын механикаландыру мектебінің бес мүшесі Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты.

1954 жылы мектеп Талдықорған ауылшаруашылығын механикаландыру училищесі деп атын өзгертіп, 129 оқушы қабылданып , оларға тегін тамақ, жұмыс пен оқу киімдерін тегін беру, медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылды. Училищенің директоры болып Р.Доргатов бекітілді. Мемлекеттік акт бойынша  училищеге 600 гектар жер бекітіліп, оқу орнының материалды-техникалық базасы нығая бастады.

1951-1961 жылдар аралығында аталған оқу орнында 1500 астам ауылшаруашылығына кажетті жоғары сапалы кадрлар дайындалған.

1961 жылы №24 Талдықорған механикаландыру  училищесі негізінде Талдықорған индустриалдық кәсіптік білім беру техникумы ашылады. Техникум директоры болып Р.Доргатов тағайындалады.

1966 жылы аталған техникум Талдықорған индустриалды-педагогикалық техникумы деп аталып, атын өзгертеді. Р.Доргатов директор болып жұмысын 1970 жылға дейін жалғастырады.

Жыл сайын оқу орны нығайып отырды. Әр жылдарда Талдықорған индустриалды-педагогикалық техникум директорының қызметін білікті мамандар, кәсіптік білім беру ісінің үздіктері басқарады: 1971-1975 жылдары Муханов Артемий Васильевич, 1976-1980 жылдары – Баталова Гүлшара Омарқызы, 1981-1985 жылдары – Камнев Иван Степанович , 1986-1990 жылдары – Хенкин Валерий Александрович, 1991-1996 жылдары – Дукенбаев Молдақажым Мұсаұлы, 1997-2010 жылдары – Шыныбаев Музаппар Адамбекұлы.

Баталова Гүлшара Омарқызының қызметін ерекше атап өткен жөн.

Осы кісінің басшылығымен оқу орнының материалды-техникалық базасы кеңейіп, нығайды,ондаған жабдықталған жаңа оқу кабинеттері, 680 орындық жатақхана, қоғамдық тұрмыстық кешені, оқу полигоны, 40 орындық санаторий-профилакторий іске қосылды, талаптарға сай оқу -өндірістік шеберханалар жабдықталды,  машина-трактор паркі, станоктар, басқа да жабдықтар толық жаңартылды.

Техникалық шығармашылық үйірмелер жұмыстарын жандандырып, нәтижелерін көрсете білді. Халықтар Достастығы орденінің иегері, КСРО кәсіптік білім берудің еңбек сіңірген шебері И.С.Спиридоновтың басқаруымен ағаш,темір өңдейтін әмбебап   станоктарын көптеп шығарылып, облыстың колхоз, совхоздарынан сұраныстар түсе бастады. Осы станоктар Москвада КСРО Халық  шаруашылық жетістіктерінің Көрмесінде орын алды.

Гүлшара Омарқызының қолдауымен техникумда Халық ансамблі атағын жеңіп алған «Алтын дән» ән-би ансамблі нәтижелі жұмыс істеген. Кеңес Одағының Батыры И.Д.Шадрин, аты аңызға айналған И.Панфиловтың қызы В.И.Панфилова, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаева, ленинградтық ақындар Марк Яковлев, Владимир Эрль, КСРО халық әртістері Бибігүл Төлегенова мен Роза Бағланова, Қаз. КСР Халық әртістері  Е.Хасанғалиев, Н.Нүсіпжанов, З.Қойшыбаева, Р.Рымбаева техникумның құрметті қонақтары болды.

Г.О.Баталованың тынымсыз еңбегінің арқасында 1979 жылы Бүкілодақтық  социалистік жарыс көрсеткіштерінен техникум КСРО бойынша  73 индустриалды- педагогикалық техникумдар ішінде Бірінші орынды иеленді. Техникум директоры, кейбір оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері КСРО ордендері, медальдары және құрмет белгілерімен марапатталды.

Техникум ұжымы мен студенттер құрамы көпұлтты, ынтымақтастығы мен достығы жарасқан болды, техникум түлектері бүгін бұрынғы Кеңес Одағының түпкір-түпкірінде, шетелдерде кездестіруге болады десек, қате айтпаған болармыз.

Осы жылдардағы Г.О.Баталованың серіктестерін атап айтсақ, орынбасарлары: К.М.Дукенбаев – КСРО кәсіптік білім беру ісінің Үздігі, А.А.Ахимбеков, И.С.Камнев, Н.И.Татаринцев – Қаз. КСР кәсіптік білім берудің еңбек сіңірген шебері, В.Н.Семикин – Октябрь революциясы орденінің иегері, кейін осы азаматтар техникум директоры болды, облыс училищелерін басқарып жатты. Өз еңбектерімен оқу орнының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ардагерлердің аттары колледж тарихына кірді. Бұлар: Б.К.Касенов – КСРО мұғалімдерінің ІІІ Бүкілодақтық съезінің делегаты, көптеген оқулықтар, оқу құралдарының авторы; Шиве Р.А., Ким Г.Ф., Бондаренко Т.Н. – директордың орынбасарлары, Гребенникова М.П. – колледж әдіскері, Гобелко К.А., Бурцев Г.А., Сторчак А.С. Прохода И.И. – бөлім меңгерушілері; арнайы пән оқытушылары: Эльзессер А., Губина Э.В., Ким С.А, Кожевников А.Ф., Шынгысбаев Д.Ш., Мусина А.Б., Зейнолданов Ш.З., Янгалычев Г.В., Барон Е.И., Сторчак С.А., Кычакова А.И., Онилов С.А., Онилова Л.В., Садыков С.С., Белокурова М,А.,  Котлов Г.В., Петраков А.Е., Кондратенко А.М., Сагындыков Е.С., Ку К.Н., Пак М.К., Сурова К.Н., Ажигулова Р.Д., Губер А.Ф., Гвоздикова Р.П., Лукьянова Е.Ф., өндірістік оқыту шеберлері: Сизов И.Е., Черемнов Е.С., Буланов Д.Ф.,  Кузнецов Н.И. Жоғары оқу орындарын аяқтап, жас маман ретінде колледждің болашақ директоры Г.Д. Такенова, директордың болашақ орынбасары А.К. Терликбаев, оқытушылар Ж.С.Даркенбаева, А.В.Овсянников, А.Р.Доргатов, Г.К.Байгунусова, Т.С.Огай, Н.С.Турганов келді.Техникумның көптеген түлектері өндірістік оқыту шебері болып осы оқу орнында қалды: Давыденко А.М., Турысбеков К.Т., Мутиева Б.,Рафалович С.Н, Черногузов Г.Ю., Павленко С, Ералиев М.А., Коккозов Б.А., Нусипжанов Ж.К., Биттер В.А., Семин В.П., Самылтыров Н.А.

Колледж 70-90 жылдарғы түлектерін мақтан тұтады, олардың ішінде: И.Абдрахманов-Социалистік Еңбек Ері, С.Б.Беккаиров – техника ғылымдарының докторы, Нуркенов Б., Баядилов Т., Булдыбаев К.Н., Байтаев Б.И., Акулин А., Нуркасымов С., Баубеков Ж., Турысбеков К.Б., Бузыкин А.А., Елюбаев Б.А., Суджаков Р.С., Самылтыров Н.А., Арыстангалиев Н.С., Жамалбеков М.Б., Еркенов Б.Е., Баймухамбетов Т.М., Бекболганов Е.Ж.

1991 жылы техникум директоры болып К.М.Дүкенбаев сайланды, жаңа мамандықтар ашылды. Басшының серіктестер командасының жұмысы өз нәтижесін көрсете бастады. Көбісі КСРО және Қаз. КСР Кәсіптік білім беру Үздігі белгілерімен марапатталды, бұлар: Терликбаев А.К., Козыгулов Б.К., Остроколенко Н.И.,Самылтыров Н.А., Бисерова Х.Г; Христич И.М.- Ы. Алтынсарин медалімен. Басшының серіктестер командасы: Сырлыбаев Е.Т., Касенов Б.К., Уалиев Т.У., Шынгысбаев Д.Ш., Молдахметов К.Б., Хагай К.В., Каражанов Т.А., Алибаева Н.Б., Есболатова З.Д.,  Кузнецов Н.И., Кобланов М., Некрасов С.А., Арыстангалиев Н.С., Астанин П.П., т.б.

Техникумның бұдан арғы тағдыры еліміздегі өзгерістермен байланысты. 1993 жылы техникум Талдықорған индустриалды-педагогикалық колледж болып атанды, К.М.Дукенбаев басшылық қызметін жалғастырды.

1996 жылы индустриалды-педагогикалық колледж Талдықорған құрылыс колледжімен біріктіріліп, Талдықорған политехникалық колледжі болып атанды. Ал 1967 жылы ұйымдастырылған Талдықорған құрылыс техникумының өз тарихы бар, ол өз кезегінде, 1992 жылы Талдықорған қаласындағы №8 КТУ-мен біріктіріліп, жоғары кәсіптік лицей деп аталған. Талдықорған құрылыс техникумының қалыптасуы мен дамуында зор еңбек еткен басшылар: С.С.Сұракбаев, К.Б.Усенов, Т.Б.Баяхметов, А.А.Ахимбеков, А.М.Қалиева. Бүгінгі күні құрылыс техникумының түлектеріне, техник-құрылысшыларына кәсіби шеберлік негізін қалаған педагогтардың есімдерін алғыспен еске аламыз: Кацек Т.С., Сембинова З.С., Абдухаирова А.Т., Ларионова Э.Е, Козбаева Ж.Ж., Ли А.В., Мамырбекова Р.А., Ким Г.Х., Кожаков Б.К., Бухтояров А.И., Далбагаева Г.Е., Жумагул Б.С., Мазурова Г.В.,Курбатова Н.Б., Пышенко Н.М.,   Жанысбекова Г.А., т.б.

1997 жылдан Талдықорған политехникалық колледжін профессор Шыныбаев Мұзаппар Адамбекұлы басқарды. Жаңа мақсаттар мен  мүмкіндіктер пайда болды, жаңа мамандықтар ашылды. Басшылықтың тынымсыз әрекеттері, ұжым мен серіктестер командасының қолдауы арқасында колледж нарықтық экономикаға кірудің күрделі жағдайларына төтеп бере алды. М.А.Шыныбаевтың әріптестер мен серіктестер командасы: педагогика ғылымдарының кандидаттары: Такенова Г.Д., Шәкәрімұлы Н., Кыдырбаева Г.Т, Бекболганова А.К., Бекболганов Е.Ж. және өз ісінің шеберлері: Ярмухамедова М.Н., Самылтыров Н.А., Жалбаев А.Ж., Васюк Н.П.,  Сабазов Е.Х., Канапиянов М.К., Бахмулдинов К.У., Байсакова А.Т., Сейдахметова Г.Б., Жанысбекова Г.А., Даркембаев Т.С., Оразбаева Ж.Б.

1991 жылы республиканың озық тәжірибелі оқу орындарының бірі ретінде техникум базасында «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша колледждердің Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі құрылды. «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары үшін барлық оқу-әдістемелік көмекті РОӘБ төраға орынбасары, Қаз. КСР кәсіптік – техникалық білім беру ісінің Үздігі М.Н.Ярмұхамедованың тікелей қатысуымен 20 жыл  бойы аталған бірлестік көрсетіп келеді.

2010 жылдан Талдықорған политехникалық колледжін Тәкенова Ғаинижамал Долдақызы басқарып келеді, педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ғылыми педагогикалық білім Академиясының корреспондент-мүшесі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ҚР Білім беру ісінің Үздігі.

Ғ.Д.Тәкенова осы колледжде 40 жыл еңбек етіп келеді, жас маман болып келіп, оқытушы, кафедра меңгерушісі, оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша директордың орынбасары болып қызмет атқарды. Білім берудегі заманауи менеджері бола тұра, ол кісі колледждің дамуы бойынша оңтайлы басқару шешімдер қабылдай алады. Оқу орнының материалды-техникалық базасы нығайтылып, жаңартылған. Оқу-өндірістік шеберханалар, қоғамдық-тұрмыстық кешені ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқу кабинеттері, шеберханаларға заманауи мультимедиялық, басқа да жабдықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер алынды.

Оқу орнын дамыту жоспарын іске асыруда директордың серіктестер командасы, оның орынбасарлары мен әкімшіліктің басқа да мүшелері көмектеседі: Мукажанов Е.Б.-ғылым докторы; Шакарим Н.Ш.-педагогика ғылымдарының кандидаты; Шалқыбаева Р.М. – ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкерлері; Мамырбекова Р.А., Инсенов А.Ж., Ахметова Г.А. – ҚР Білім беру ісінің үздіктері; Вельмизов М.Ф. – ҚР Құрметті спорт қайраткері;  Муканова А.И., Дарменова К.Т., Базарбаев О.О., Жанысбекова Г.А.,  Сарикенов Ж.К., Бижигитов М.М. – «Республиканың Үздік педагогі – 2012»; Топольский В.Н., Абдолданова Р.С., Арыстанова Б.М., Сақабаев Н.К., Жунисова А.С., Молдабекова С.А., Иманберлинова Ш.М., Каримова Г.Ж., Ли В.И., Нұргазиева С.Т.,Нургалиева А.А., Байдильданов Е.С., Биттер Т.П., Абилов Е; кафедра меңгерушіліері: Жуанышбаев Т.С. – спорт шебері, Муканқызы Н.М.,  Кукшибаева М.Л., Спесивцева С.А., Скоромный И.В., Салкынбаева М.Р., т.б.

Бүгін біз еңбегіміздің нәтижесі және білімгерлеріміздің көптеген жетістіктерімен мақтана аламыз. 2013 жылы колледж «Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім берудегі Үздік оқу орны» болып танылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» Жобасы аясында Әлемдік Банк Грантының иегері атанды.

Колледжде мұражай жұмыс істейді, мұндағы құжаттар, эспонаттар,суреттер мен стендтер оқу орнының  80 жылдық тарихы мен жетістіктері туралы толық ақпарат береді. Еңбектері жастарға үлгі-өнеге болатын көптеген оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің есімдері колледж тарихының беттерінде орын алады. Олар ҚР Білім беру ісінің Үздіктері және «Колледждің Үздік педагогі», «Колледждің Үздік өндірістік оқыту шебері» атағына ие болғандар: Жазылбеков Т.М., Казыбаев А.К., Абдрахманова Г.А., Воронова Г.С., Левченко В.Д., Алибаева Н.П., Бектемирова Н.Д., Щеглова О.А., Дуйсебаева Р.Б., Қозбаева Ж.Ж., Муканкызы Н., Спесивцева С.А., Санкайбаева Г.Ж., спорт шеберлігіне үміткерлер — Жумайбеков Е.К., Ахметов К.Б. және өндірістік оқыту шеберлері: Биттер А.П., Семин В.П , Айдосов А.Ш., Исмайлов Б.Ш. Колледж жас мамандарын да мақтан тұтады. Б.Т.Тыналиев – 2014ж. Республика бойынша ІТ пәндерінің Үздік оқытушысы, С.Өтебаев атындағы грант иегері; С.Ж.Батырбеков — 2014ж. Алматы облысының «Үздік арнайы пән оқытушысы» .

Уақыт өтіп, педагогтар мен білім алушылардың құрамдары ауысып отырғанымен, колледж негізгі мақсатына жету жолынан таймаған, заман

қиындықтарын басынан шеккен  аталмыш білім ордасы жас мемлекетіміздің шағын буындарының бірі болып, өркендеу, даму жолында бірталай жетістіктерге ие болып, білікті мамандар даярлайтын дамушы жаңашыл оқу орны болып отыр.

Из истории колледжа

Большую работу в становлении и развитии Талдыкорганского строительного техникума провели бывшие его руководители: Суракбаев С.С., Усенов К.Б., Баяхметов Т.Б., Ахимбеков А.А., Калиева А.М. Сегодня с благодарностью вспоминаем имена прекрасных педагогов строительного техникума, которые сумели заложить выпускникам, техникам – строителям основы профессионального мастерства: Кацек Т.С., Сембинова З.С., Абдухаирова А.Т., Ларионова Э.Е, Козбаева Ж.Ж., Ли А.В., Мамырбекова Р.А., Ким Г.Х., Далбагаева Г.Е., Кожаков Б.К., Бухтояров А.И., Жумагул Б.С., Мазурова Г.В., Курбатова Н.Б., Жанысбекова Г.А. и др.

С 1997 года Талдыкорганским политехническим колледжем руководил профессор Шыныбаев Музаппар Адамбекович. Появились новые задачи и новые возможности, открылись новые специальности. Колледж сумел выстоять в трудных условиях вхождения в рыночную экономику, благодаря стараниям руководства, поддержке коллектива и команды соратников Шыныбаева М.А. – это кандидаты педагогических наук: Такенова Г.Д., Шакаримулы Н.Ш., Кыдырбаева Г.Т., Бекболганова А.К., Бекболганов Е.Ж., а также профессионалы своего дела  Ярмухамедова М.Н., Самылтыров Н.А., Жалбаев А.Ж., Мухамедова Б.К., Васюк Н.П.,  Сабазов Е.Х., Канапиянов М.К., Бахмулдинов К.У., Байсакова А.Т., Сейдахметова Г.Б., Жанысбекова Г.А., Даркембаев Т.С., Оразбаева Ж.Б. и др.

Как на одном из лидирующих учебных заведений республики, на базе техникума, а затем  колледжа с 1991 года создано Республиканское учебно-методическое объединение колледжей (РУМОК) по подготовке мастеров производственного обучения. Всю необходимую учебно-методическую помощь для учебных заведений технического и профессионального образования  по специальности «Профессиональное обучение» оказывало объединение при непосредственном участии на протяжении 20 лет заместителя председателя РУМОК Ярмухамедовой М.Н., отличника профессионально-технического образования Каз.ССР.

С 2010 года  Талдыкорганский политехнический колледж возглавляет Такенова Гайнижамал Долдаевна, кандидат педагогических наук, действительный член-корреспондент Международной Академии наук педагогического образования, обладатель медали  Ы.Алтынсарина, Отличник образования Республики Казахстан, Председатель Республиканского учебно– методического объединения колледжей, член правления Ассоциации деловых женщин Алматинской области.

За ее плечами  40 лет работы только в Талдыкорганском политехническом колледже преподавателем, заведующим кафедрой, заместителем директора по учебной и научно-методической работе. Будучи современным менеджером образования, она стремится к принятию оптимальных управленческих решений по развитию колледжа. Укреплена и модернизирована учебная, материально-техническая база учебного заведения. Произведен капитальный ремонт зданий учебно-производственных мастерских, общественно-бытового блока (актовый зал, библиотека, спортивный зал, столовая, приобретено современное мультимедийное  и другое оборудование для оснащения учебных кабинетов и мастерских, учебная, учебно-методическая литература).

From the history of college

In 1935, in the town of Taldykorgan Almaty region opened a school of agricultural mechanization. In 1936, a school in Taldykorgan by order of the People Kommissariata farming Kaz. SSR was abolished and transferred in full Kapalskoy school agricultural mechanization.

May 12, 1941 by order of the national agriculture Kommissariata Kaz. SSR Kapalskaya School of Agriculture Mechanization and Lepsinsk school agricultural mechanization were united in a single school Karatal agricultural mechanization and relocated to the former site near the station №3 Karatalstroya Ushtobe. Due to unfavorable weather conditions the location of the school, in 1948, an order was issued to rename the school Karatal agricultural mechanization in Taldykorgan school agricultural mechanization and relocated to the town of Taldykorgan.

On August 19, 1948 through December 30, 1949 in Taldykorgan a new school building were upgraded training equipment and furniture; completed construction of a new academic building, hostels, residences, parking lots.

In the 1948-1949 school year, school Taldykorgan agricultural mechanization graduated 36 specialty foremen tractor brigades, 24 graduate majoring combiners and prepared 32 traktor- drivers. And for the period from 1951 1935po years this school has released 6118 mechanics of various specializations.

In 1947-1950 years ended construction of a hostel for 120 people, academic building with 300 seats, a dining room, boiler room, garages and other outbuildings. The above construction is on school grounds.

The material base of the school consisted of one tractor U-2, CT-3, four tractors CT-3-NATI, 2-DT-54, C-1 Tractor 60.1-C-80, 4 combine harvesters, two cars GAZ-1 car GAZ-51, 1-ZIS-150, seven iron-machines, 17 different agricultural machines. Library fund totaled 6151 book in pedagogical stuff had 12 teachers. On 17 September 1947 he was appointed director of the school Dorgatov Rustam.

Dorgatov Rustam was born in 1914 in County Aral Karakum area Kyzylordinskaya province. He graduated from the seven-year school, trade schools, Leningrad Institute of Soviet Trade, military autotechnical School.

In the 1952-1953 academic year, five members Taldykorgan agricultural school on the results of mechanization production figures participated in the All-Union Agricultural Exhibition.

In 1954 the school was renamed the mechanization Taldykorgan School of Agricultural Mechanization and was accepted 129 students, organized free food, outstanding performance and learning forms, functioning medical service. School was approved by the Director R. Dorgatov.

Act on Public school was allocated 600 hectares of land, of which 300 hectares of arable land, 42 hectares of haymaking, 241 hectares of pasture and other 17 hectares.

From 1951-1961 years in the said institution was prepared about 1,500 highly qualified personnel needed to agriculture.

In 1961, on the basis of school mechanization number 24 was opened Taldykorgan industrial and professional school. Director was appointed R.Dorgatov.

In 1966, Industrial College was renamed to Taldykorgan Industrial-Pedagogical College. R.Dorgatov continued to work as a director.

Mukhanov Artem in the years 1971-1975 was the director of Taldykorgan Industrial Pedagogical College.

He was born in 1916. He graduated from the Pedagogical Institute and a Veterinary. From 1949-1971 years was at the party work in Sarkand, St. Andrew, Karatal, Taldykorgan, Kirov district.

From 1976 to 1980, served as head of the college Batalova Gulshara Omarovna.

Batalova Gulshara Omarovna was born June 11, 1936 at the station Shuchinsk.

In 1962 she graduated from the philological faculty of the Kazakh State University. In 1968 Gulshara Omarovna appointed deputy chairwoman of the executive committee in Taldykorgan. In 1976 she was appointed director of the Industrial-Pedagogical College.

During these years the College has become a great educational institution, where specialists of agricultural mechanization and electrification and trainers.

In college started working 33 equipped study rooms, 14 laboratories and discover new specialty and department; were built gymnasium, study rooms, medical dispensary for 50 seats, equipped study rooms. College has participated at the Exhibition of Achievements of the National Economy of Kazakhstan. Gulshara Omarovna with her team organized a folk ensemble «Altyn dan.» In college was opened Museum of military and labor glory, which attracted the youth of the town and the region.

From 1981 to 1985 was headed the College by Ivan Stepanovich Kamnev. Ivan Stepanovich Kamnev was born December 23, 1930 in the village Seleverstovo Altai Krai. In 1949, after the finishing of the evening school, he entered the Agricultural College and graduated in 1953 with honors. In 1958, after the finishing of the Kazakh Agricultural College in 1962 his teaching Kamnev IS enrolled in the Agricultural Academy. KA Timiryazeva in Moscow and finished it with honors. With 1973-1981g.g.Ivan Stepanovich worked in vocational №174, 55 deputy director, and head of the regional vocational-technical education. In those years when the director was Kamnev IS college, technical school, participated in the All-Union Competition «Best College» and «Best Specialist», which won prizes. The pride of the college became a MAC-5 machine for processing wood, which was made in training and production workshops College. College student construction teams had a lot of support to the national economy area.

Henkin Valery was director of College from 1986 to 1990

He was born in 1948 at station Plesetsk Plesetsskogo District, Arkhangelsk region In 1975 he graduated from Melitopol Institute of Agriculture Mechanization and Electrification. In 1971-1973 years he was a teacher, an engineer in Taldykorgan Industrial-Pedagogical College. Since 1973 was the Komsomol and party work. In 1986 he was appointed director of the college.

In the years 1991-1996 was the director of technical Dukenbayev Moldakazhym Musauly. He was born April 16, 1942 in the village of Bostan Guard District Taldykorgan region. In 1961 Dukenbayev MM entered the Kazakh National Agricultural University at the Faculty of Agriculture Mechanization in Almaty, which was successfully completed in 1966. His career he began as an intern with the position of the teacher in Taldykorgan Industrial-Pedagogical College (now Polytechnic College), and then was appointed deputy director of the college. In 1991 he became director of Taldykorgan Industrial-Pedagogical College, and in 1993 was renamed the College of Taldykorgan Industrial Pedagogical College.

In 1996, the industrial-pedagogical and Construction College Taldykorgan were combined and changed the structure, joined the University. Dzhansugurov as a technical college, but 3 months later, in 1997, was re-converted to Taldykorgan Polytechnic College. History Taldykorgan building college begins with the founding in 1967 with. Aksu Aksu Almaty region Construction College. In 1976 Aksu Building College was transferred to the village Dzhansugurov in 1977 in Taldykorgan and began to function as Taldykorgan Construction College.

In 1992 Taldykorgan building technical and vocational Taldykorgan number 8 were combined and converted into Higher Vocational School № 2. And in 1995 it became known as the Higher Vocational School — Taldykorgan Construction College.

On March 18, 1999 Taldykorgan Polytechnic College was renamed the State vocational education institutions’ Taldykorgan Polytechnic College. »

During the period from 1961 to 2005g.g. the above-mentioned secondary vocational schools, repeatedly changed names, graduated 15876 graduates, of which we are proud to say that they are successfully employed in various fields of agricultural and construction industries.