«FRIENDASIA KAZAKHSTAN»

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі – шет елдермен, ТМД елдері, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Оңтүстік Корея және Финляндия сияқты мемлекеттермен білім сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар атқаруда. Құрылыс және IT технологиялар мамандықтары бойынша мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру, тәжірибеден өту үшін семинарлар және біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Академиялық ұтқырлықты дамыту, студенттер мен оқытушыларды оқыту, оқытушылармен тәжірибе алмасуды жолға қою, әрі қарай басқа оқу орындарында тәжірибеден өту жоспары алға қойылды. Білім беру жүйелерін өзара ықпалдастыру бойынша бірлескен іс-шараларды, оның ішінде эксперименттік режимде Оңтүстік Кореялық «FriendAsia Kazakhstan» қайырымдылық қорының филиалымен бірлесіп, студенттердің өндірістік-тәжірибеден өтуі қарастырылды.

2017 жылдың мамыр айында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, «FriendAsia Kazakhstan» қайырымдылық қоры және Алматы облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы, «Қазақстан корейлері ассоциациясы» ҚБ Талдықорған аймақтық филиалы «Талдықорған қаласы тұрғындары тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы» атты 4 жақты меморандумға қол қойған болатын. Меморандум бойынша колледждің міндеттері: Меморандумды іс жүзінде асыруға қатысушылар ретінде «Үйлер мен ғимараттар құрылысы және пайдалану» мамандығының студенттері өндірістік оқыту шеберлерімен бірлесе отырып, Меморандум қатысушыларымен объектілерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге ат салысады. 2018 жылдың 16 мамырында Талдықорған политехникалық колледжінде Оңтүстік Корей мемлекетінің «FriendAsia Kazakhstan» қайырымдылық қоғамының өкілдерімен кездесу өтіп, кездесу барысында колледж түлектерін Оңтүстік Корей мемлекетінің компанияларына жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері талқыланды.

Келісім шарт негізінде, тәжірибеден өткен студенттер бизнес бастау, жобалар мен жұмысты үйлестіру бағытындағы конференцияларға қатыстып, «FriendAsia Kazakhstan» қайырымдылық қоғамының өкілдерімен бірлескен колледж жастары қамқорлық шарасы аясында Алматы облысындағы Қарабұлақ, Үштөбе, Талдықорған қалаларында, тұрмыс жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі 87 отбасының үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді.

«IT технологиялар» мамандығының студенттері мен түлектері өндірістік оқыту шебері Серікжан Ахбергеновпен бірге Алматы қаласында «Woorim» және «LG» компанияларында 2 күндік іс-тәжірибеден өтті. Өндірістік тәжірибенің алғашқы күні, «Woorim» компаниясы салған ғимараттың жертөлесіне түсіп, ішінде сантехникасын, камерасын, паркингін аралап, салған ғимараттардың басқарылуын, су қоймаларын, жылу мен су коммуникациялары, өрт қауіпсіздігін басқаратын құрылғыларды көріп, жұмыс

барысымен танысты. Ал екінші күні, Корей елінің танымал «LG» компаниясында барды. Бұл- тұрмыстық техника және тұтыну электроникасы саласындағы ірі компаниялардың бірі. «LG» қызметкерлері студенттерге өздерінің шығаратын кондиционер түрлерімен таныстырып, білікті маман ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері «Friend Asia Kazakhstan» қоғамымен бірлесіп, қайырымдылық шарасының мәдени бөлімі аясында Алматы қаласының көрнекті жерлерінің бірі Шымбұлақ тау шаңғысы курортын аралап, студенттеріміз жақсы әсер алып, демалып қайтты.

Қазіргі уақытта «FriendAsia Kazakhstan» қайырымдылық қоғамының бағдарламасы бойынша соңғы жұмыстар атқарылуда. Талдықорғын жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен бірлесіп 29 қыркүйек және 7 қазан аралығында қаламыздағы үйлерге жөндеу жұмыстарын бастады, онда үйлердің шатырын жауып, есік-терезелерін ауыстырып, үйдің қабырғаларын жаңартты.

«Талдықорған қаласы тұрғындары тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы» 4 жақты меморандумның аяқталуына орай Оңтүстік Корей мемлекетінің «FriendAsia Kazakhstan» қайырымдылық қоғамының өкілдері Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне Оңтүстік Корей мемлекетінің компанияларына жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар екендігін айтты.