CYBERSPORT

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ «CYBERSPORT»-ТЫ ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ӨЗ ЖҰМЫСЫН АТҚАРУДА.
«Cybersport» — компьютерлік бейне ойыннан жарыс болатын спорт түрі, спорттық индустрияның жаңа саласы ретінде, жоғары технологиялар нарығымен тікелей байланыста, ақпараттық технологиялар саласындағы әлемнің ірі ойыншыларының жарысы болып табылады. Алматы облысының «Cybersport» федерациясы мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі бірігіп, 7-11 аралығында жоспарланған «CS:GO»-дан «TVPTK Cup – 2019» атты турнир колледжіміздің ІТ бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Колледжімізде компьютерді жетік меңгерген жастардың көп екендігі қуантады. Айта кетсек, бұл турнирға мектеп оқушылары да қатысуда. Ойынға 60 команда қатысып, тартысты ойын өтіп жатыр.