26 маусым күні ҚР-ның Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар-тренинг өтті. Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция», Рухани жаңғыру-болашаққа бастар жол»,»Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы түсіндірме дәрістерін жүргізді,ал екінші бөлімде командалық ойындар ойнатылды. Осы семинар-тренинг ке белсене қатысқан Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары сертификатқа ие болды.