«BIRGEMIZ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

«BIRGEMIZ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ АШЫЛУЫ
Нұр-Сұлтанның төрінде, ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында еріктілердің жұмысы ресми түрде ашылды. Шараға қатысқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер қозғалысының қозғалысының Құрметті елшісі атанды. Шара барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және еріктілер жұмысының «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылды.
«Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылуы екі күнге созылады. Қазақстанның барлық аймағынан келген еріктілермен бірге Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің белсенді студенті Байзақ Самал Нұрланқызыда қатысуда. Еріктілер білікті мамандардың семинар-тренингіне қатысып, өз жобаларын ұсынып, әріптестік байланыс орнатып қайтады.