Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде бірінші орынға қажетті білімнен басқа, болашақ мамандардың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық ойлауын мақсатты түрде дамыту керек, білімгерлерді өздігінен білім алуға үйрету, жаңа ғылыми, техникалық бастамалы пікірлерін қалыптастыру. Білімгерлердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз ету өте маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде құрылған «Инновация» ғылыми зерттеу орталығы үнемі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орны білімгерлерінің өз еріктерімен ұйымдасқан кіші қоғамдық ұйым болып саналады.

Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеті және Көксу ауылшаруашылық колледжі 2018 жылдың 29 қарашасында «Ғылым мен білімге ұмтылған жастар-келешегіміздің кемелі» тақырыбында ҚР Кіші ғылым академиясының V аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Көксу ауылшаруашылық колледжінің базасында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасу, білімгерлерге кәсіптік білім берудің жұмыс істеуін жақсарту, заманауи ақпараттық қоғам жайында білімгерлерді әлеуметтендіру мақсатында 7 бағытта жүргізді.

Талдықорған жоғары политехникалық колледж базасында студенттердің интеллектуалды және шығармашылық дамуы үшін, талантты студенттерді анықтау, жастарды ғылымды, мәдениетті, тұтынушылық нарықты, практикалық маңызы бар, ғылыми-техникалық қызметке тарту, ХХVІІІ облыстық «Ғылым мен білімге ұмтылған жастар — біздің болашағымыздың кілті» тақырыбындағы ғылыми практикалық конференция өткізілді.

2019 жылғы 11 мамырда Орталық Азия университетінің базасында ғылымды, мәдениетті және тұтынушылық нарықты дамыту үшін практикалық маңызы бар ғылыми-зерттеу қызметі арқылы студенттердің интеллектуалды және шығармашылық дамуы үшін XLV Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.