Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара

Бүгін Талдықорған политехникалық колледжінде 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өтті. Колледж директоры ұстаздар қауымы мен білімгерлерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, марапаттарды табыстады. Білімгерлер дің дайындаған концерттік бағдарламасы жоғары дәрежеде өтті.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!