Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Тәуелсіздік күні – ұлы мереке. Осы мақсатта колледж әкімшілігі, ұлағатты ұстаздары мен студенттеріне мерекелік төсбелгілер, алғыс хаттар, мадақтамалар табысталды. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Рубрики: НОВОСТИ