Aлматы облыстық ANTIKOR орталығында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен «Саналы ұрпақ» жобасы аясында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың белсенді азаматтық көзқарастарын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты пікір сайыс турнирі өткізілді. Пікір сайысқа колледжіміздің «Алаш» тобы белсене қатысып, 1 орынға ие болды. 2 орынды Талдықорған жоғары медициналық колледжінің «Гиппократ» командасы, 3 орынды Талдықорған агро-техникалық колледжінің «Дарабоз» командасы иеленді. #SANALYURPAQ @antikor_shtab_almobl