1 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

1 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

Осыған орай Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттерімен қашықтықтан онлайн режимде дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ерекше қызметтерін атап өту және тану үшін құрылды. Сондай-ақ, мереке Тәуелсіз мемлекет құрған және 30 жыл бойы елдің көшбасшысы болған Н.Назарбаевтың жетістіктерін тану мақсатында ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында жыл сайын ауқымды мәдени іс-шаралар өткізіледі, оның басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту.