Өлең – сөздің патшасы

2019 жылдың 11 желтоқсан күні Талдықорған қаласының Жастарға қызмет көрсету орталығында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең – сөздің патшасы» атты қалалық оқу орындары арасында байқау өткізілді.

Байқауға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студеттері қатысып алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың қорытындысы бойынша колледж студенті Бекмұратқызы Жұлдыз жүлделі II орынды иеленді. Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!!!🎉🎉🎉🎉👍