Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы

14.10.2019 ж. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде «Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы» тақырыбында Алматы облысының Дін істері басқармасы, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының дінтанушысы Қанат Маратұлымен 1-курс студенттері кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету және оны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету болып табылады.