Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өткізілді

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің салтанат залында Ұстаздар күніне арналған мерекелік шара өтті. Колледж директоры Мұқажанов Ерқат Биғалиұлы ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы шақырылған университеттің ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтары табыс етілді.

Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының студенттері мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!