Ұстаздар аты – биік, әрі мәңгілік

08.10.2019 ж. Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздар аты – биік, әрі мәңгілік» атты салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұманов қатысып, ардагер ұстаздар мен ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтады. Республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпазы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Тойшыбекова Асель Биболатқызы Қазақстан Респубикасының Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Ұстаздардың еңбегі еленіп, Ы.Алтынсарин төс белгісімен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Аталған шараға Талдықорған жоғары политехникалық колледжің оқытушыларының қатысты.