Құрметті Талдықорған жоғарғы политехникалық колледжінің түлектері!

«Құрметті Талдықорған жоғарғы политехникалық колледжінің түлектері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының кадрлық мамандар  қатарын толықтыруларыңмен құттықтаймыз.
Колледждің оқытушылар құрамы әркез өздеріңмен мақтанады және өздеріңді түлете отырып, Ақ жол тілейді.  Сонымен қатар Сіздерге қашан және қай кезде болмасын өздерің түлеп ұшқан колледждің есігі ашық: байланыста болып, іздеріңнен еріп келе жатқан іні-қарындас, сіңлілеріңе тірек, шабыт және үміт сәулесі болыңдар.
Білім алу барысында колледжге білдірген шынайы сезімдерің үшін зор алғыс айтамыз. Колледж туралы естелікті жүректеріңе сақтайтындарыңа күмән келтірмейміз және бүгін сендер дипломдарыңды қорғай отырып, тек қана еңбек өміріне жолдама алып қоймай, сонымен қатар, өз өмірлеріңдегі басты нәрсе– кәсібилік, болашаққа емтиханды қорғадыңдар.
Әрдайым, әр уақытта жасампаздықтың фундаменті, интеллектуалды құрастырушы, қалыптастыратын алғашқы негіз – білім.
Әлемге кең ашылған есіктер оқуды алдағы уақытта да жалғастыруға мүмкіндік береді:  біреу бар өмірін ғылымға арнаса, енді бірі бизнес саласында бағып сынап, өз  қадамын жасайды.
Қай жерде болсаңдар да, қай жолмен жүрсеңдер де, сендер үшін жолдарың таза әрі жарқын болсын.
Талапты, батыл әрі өршіл болыңдар, өздеріңе, айналаңда жүрген адамдарға сеніңдер және тоқтамаңыздар!
Байланысты қолдаңдар, әркез өз ұстаздарыңды іздеп жүріңдер, ашық әрі білімқұмар болыңдар. Біз сендерге әрқашан тілекшіміз.
ӨТКЕН СЕНДЕРДІ ҚОРҒАСЫН, ал БОЛАШАҚ ҚАНАТТАНДЫРСЫН!
Ақ жол!
Ізгі ниетпен: Колледж ұжымы!