ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДА ЭКСКУРСИЯ САБАҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

«ForteBank» акционерлік қоғамы қазақстандық жетекші банктердің бірі болып табылады және банктік қызмет көрсету нарығында 20 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта «ForteBank» бизнестің барлық бағыттары бойынша, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеуге қатыстатын әмбебап қаржы институты. Осы қаржы институтына Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Кәсіпкерлік және әлеуметтік пәндер» кафедрасының онкүндігі аясында оқытушылардың ұйымдастыруымен колледжінің «Есеп және аудит» мамандығының студенттері барды. Талдықорған қаласындағы АҚ «ForteBank» филиалының директоры Култасов Асылбек Нуртаевич, бас бухгалтер Цой Татьяна Юрьевна және Аубакиров Олжас Еркінұлымен «Банк және несие» атты тақырыпта сұхбат жүргізіп, студенттерге қаржылық сауаттылық туралы түсінік берді. Қаржылық білімді ұштай түсу керек екендігін сезінудің өзі жаңа глобальді экономика құрудағы талаптардың бірі болып табылатындығын атап айтты. Экскурсия сабағында болашақта осы банкте біздің студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіншіліктері бар екендігі де айтылды.