Қазақтану

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Кеген ауданында өткен «Қазақтану» жобасы аясында «Тәуелсіз елдің тарихы: Ұлы дала елінің мәңгілік дәстүрлері» атты облыстық форумы өтті. Аталған форумға Талдықорған политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Колледж студенттері өлең оқып, мақал-мәтел айтып сайысқа түсті. «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» номинациясы бойынша Кадырова Патям ІІ -дәрежелі дипломмен, Ярмухаметова Дильназ бен Саутов Ислам белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.\