«Жас маман» жобасы

dd605650-0a0c-4da8-b344-8d6b49f05d04
c6581b24-d75d-4704-b376-13573e8628c2
bc109b33-0dfa-4819-a8b7-3863a92ef67c
96f8f6b8-1220-40a5-b85a-33e85632cda4
38d59c46-1d2a-444b-9c95-a7d5c236c55f
17c12d02-3340-4a8b-935d-c4bfa9dd9bb7
previous arrow
next arrow

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда. «Жас маман» жобасы «Жастар — Ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді.

Жобаның негізгі мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтар бойынша жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу болып табылады.

Колледжде кадрларды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер тартылады. Шетелдік серіктеспен бірлесіп кадрларды дайындау бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау және оқу орны мен менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылады.

Талдықорған жоғары политехникалық колледждінде Халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа жабдықтар мен бағдарламалармен оқуды бастау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастау жоспарлануда.