Қырықбай Елдос,

Талдықорған политехникалық

 колледжінің 2 курс білімгері

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және білімгерлер!

Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген басқа елдердегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық,- осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Елбасының Қазақстан халқына жолдауында бес негізгі басымдылықты көрсетілген. Бұл басымдылықтар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. Осы жолдаудың бірінші басымдығы — экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуына біз айырықша назар аудардық.

Жолдауда Президентіміз былай дейді: «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет». Осыған орай, Елбасымыз Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және оны қабылдауға  тапсырма бергендігі бізді болашақ маман ретінде қуантады. Колледж ІТ-білімді, сауаттылықты қалыптастыруға, қоғамдағы өзіндік дәрежесін, заманауилығын, бір сөзбен айтқанда, бәсекеге қабілетті маман даярлауда қабілеттілігін дәлелдеген оқу орны.

Колледже жеке тұлғаның сапалы дамуы үшін, білім алушылардың ойлау қабілетін дамытып, оның шығармашылық қасиеттерін қалыптасуына, жеке қабілеттерін көрсетуіне және интеллектуалды потенциалын дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған.

Колледжіміздің нарықтағы қажеттілігін анықтайтын басты факторлар, ол – заманауи материалды-техникалық база, білікті оқытушы және икемді, ұтқыр, білімді білімгерлер. Менің мамандығым «Есептеу техникасын бағдарламалық қамтамасыздандыру». Осы мамандық бойынша заманауи компьютерлік құрылғыларымен жұмыс істей отырып, білімімді шыңдау үстіндемін. «Ақпараттанған адам-әлемді игереді»- демекші, колледж қабырғасында сапалы білім алып, өз білімін ары қарай шыңдаған адам ғана, болашақта өз мамандығының қас шебері болып,  жоғары жетістіктерге жете алады. Осы мамандық бойынша білім алған түлектер болашақта өз мамандықтары бойынша 100 пайыз жұмыспен қамтылатындығы бізді қуантады. Таңдаған мамандығымыздың болашағы зор.

Уважаемые гости колледжа! Наши студенты владеют казахским, русским и английским языками и обладают навыками критического мышления, самостоятельного поиска и глубокого анализа информации. Вместе с тем сегодня английский язык является языком новых технологий, новых производств, новой экономики. В настоящее время 90% информации создается в мире на английском языке. Поэтому знание анлийского языка является требованием времени.

 

Thank you for attention!