Шет тілі және көптілді білім беру кафедрасы

Зав. каф: Рымтаева Асель Тынысбековна

E-mail: assel_br@mail.ru 

Кафедраның әдістемелік мәселесі:

«Тиімді кәсіби қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде меңгерген XXI ғасырдың бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау».

Мақсаты:

«Болашақ техникалық мамандық иегерлеріне кәсіптік тілді оқытудың маңыздылығын арттыру»

Міндеттері:

· Оқу үрдісіне заманауи педтехнология және электронды оқулықтар мен сабақтардағы жаңа оқу құралдарын енгізу және меңгеруді жалғастыру:

· Оқытушылардың кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерін ұйымдастыру арқылы дамытуға ықпал ету:

· Педагогтардың өзара сабаққа қатысу жүйесін ұйымдастыруды барынша тиімді ету.

Шет тілі және көптілді білім беру кафедрасының пәндік әдістемелер, жаңа педагогикалық технологиялар, педагогикалық зерттеулер әдістемесі, өндірістік оқыту әдістемесі және ағылшын тілі мен информатика пәндерінен, барлық мамандықтар үшін дәріс беріледі.

2. Кафедра құрамы

Шет тілі және көптілді білім беру кафедрасының негізгі құрамының мүшелері 14, оның ішінде 1 администрация мүшесі, 2 әлеуметтік педагог, 1 сурдоаудармашы, 2 өндірістік оқыту шеберлері.

Жоғары санатты оқытушылар: Рымтаева А.Т., Тұрысбекова Г.Т., Окбаева А.Ж..,Окбаев Б.Б.

Бірінші санатты оқытушылар: Карибаева С.О., Абиханова А.Т.,

Екінші санатты оқытушылар: Калпебаева С.Д., Терликбаева А.Б.,

Санаты жоқтар: Иманберлинова М.Д., Канатова А.К., Нұхфоллақызы К.,Касимханов А., Нури А., Абылкасым Н.