Тойшыбекова Асель Биболатовна

ТЕЛ:  87785247217

E-MAIL:  aselek-86@mail.ru  

Эксперимент режимінде білім беру бөлімі

Эксперимент режимінде білім беру бөлімі колледжде 3 бағыт бойынша өтіп жатқан эксперимент жұмыстарын жүргізу бағытында қызмет атқаруда. Олар:

— Инклюзивті білім беру;

— Қолданбалы бакалавриат;

— Үштілді білім беру.

Бөлімде жалпы 0104000-«Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)», 1305000-«Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша 326 білімгер білім алуда.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кәсіптік білім алуы және олардың одан әрі қоғамға интеграциялануы олардың табысты әлеуметтенуіне, қоғам өміріне толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге, әртүрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте өзін-өзі тиімді жетілдіруге негізгі шарттардың бірі болып табылады. Осы бағытта бөлімде инклюзивті топтарда есту қабiлетi бұзылған және жеңіл дәрежелі ақыл-ой кемістігі бар студенттер -«Ақпараттық жүйелер» мамандығы, 130501 1- «Дизайнер» біліктілігі бойынша білім алуда.

Қазақстандық кәсіби білім беру жүйесіне қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі, қазіргі заманғы еңбек нарығының негізгі талаптарына сәйкес алдыңғы қатарлы техникалық дағдылар мен біліктіліктерді жетілдіруге және біліктілік бағдарламаларын біріктіруге арналған бағдарлама ретінде қолданбалы бакалавриат жүйесінің маңызы зор. Қазіргі таңда бөлімде 0104000-«Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» мамандығы, 0104001 4 – «Кәсіптік білім беру қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша жалпы саны 57 білімгер білім алуда.

Қазақстанда енгізіліп жатқан көптілділік саясатының негізгі бағыттарының бірі — үштілді білім беру. Үш тілде білім берудің негізгі стратегиялық мақсаты – қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті жағдай жасау. Осы мақсатты жүзеге асыруда колледжде үштілде білім беру қолға алынды.