Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының білімгерлеріне КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мақсаты: Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу.

Бүгін Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының білімгерлері Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің құзіреттілік орталықтары және Студенттер үйімен танысты.

Колледж оқытушылары балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын және қызығушылығын ескере отырып, колледжде оқытылатын мамандықтарды ұсынып, оқуға түсу жолдарымен таныстырды.