ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «КӨҢІЛДІ СӨРЕ» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «КӨҢІЛДІ СӨРЕ» СПОРТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық — денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі.

Жастарымыздың денсаулығымызды нығайту үшін Тұңғыш президент күні мерекесінен бастау алып, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жалғасын тапқан Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде студенттерінің арасында «Көңілді сөре» спорттық жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттық жарыста колледждің 4 бөлімінің білім алушылары қатысып, кім жылдам, қаппен секіру, тепе-теңдік сақтау, допты шеңберге лақтыру сияқты эстафетада сайысқа түсті. Әр спорт түрінен жарыстың тәртібі бойынша төрешілер алқасының отырысында нәтижесі анықталып, жүлделі орынға ие болған командалар колледж директорының мадақтау қағазымен марапатталды.