Талдықорған жоғары политехникалық колледжі

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде көңіл көкжиегін кеңіткен керемет кеш өтті.

Кездесу жас қаламгерлердің көшін бастап, әдебиет айдынында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген Мәулен Әнербай мен Мұхтар Күмісбектің шығармашылығына арналды.

Сырласу кешінде жыр өрнегі өрбітіліп, тағылымды ойлар ортаға салынды. Жас ақындар қызықты оқиғаларымен де бөлісті. Сондай-ақ, білімгерлер де көкейіндегі сауалдарын қойып, ұтымды жауап ала білді. Студенттердің рухани бір серпіліп қалғаны анық.

Айта кетерлігі, жастар жылы аясында Мәулен Әнербайдың «Күн қызы» мен Мұхтар Күмісбектің «Алфавиттегі алты әріп» атты туындыларының тұсауы кесілген болатын.

Алтын достарым Мәулен Әнербай мен Мұхтар Күмісбекке мың алғыс!