Бастауыш кәсіподақ ұйымы

Клара Болатқызы Акашева

     Колледж кәсіподақ ұйымы төмендегі жобамен  жұмыс атқарады: «Ардагерлерді ардақтайық», «Саламатты Қазақстан», «Бақытты балалық», «Мерейлі отбасы», «Жастар». Әр бағыт бойынша  оқу жылының  басында жоспар құрылып, бекітіледі. Жүзеге асырылып жатқан  іс – шаралар да аз емес.Кәсіподақ ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен  көптеген мәдениет іс – шаралар жүзеге асып келеді. Денсаулық жобасы бойынша ұжым арсында  «Дені саудың –жаны сау», «Денсаулық және сергектік» атты жарыстар ұйымдастырылып, қыс айларында  колледжішілік шаңғыдан жарыс өткізіліп тұрады. «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген  облыстық   шаңғы жарысына қатысып  1 орынға ие болдық.Ұжымдағы  жас мамандар да елеусіз қалмайды. Оларға әр түрлі көмек көрсетіліп отырады. Әр жыл сайын әріптестеріміздің балаларына арналып жаңа жылдық шырша өткізіліп, сыйлықтар беріледі. Колледж кәсіподақ жылына 2 оқытушыдан демалыс орындарына барып тұрады.Колледждің бастауыш  кәсіподақ ұйымы 2018 жылы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының  ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауында 3 орынды иеленді.2019 жылдың кыркүйек айында жылы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының  ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлерінің арасында «Спартакиада – 2019» жарысы өтті. Осы аталған жарыста үстел теннисінен 2 орын, шағын футболдан 1 орынға ие болды.Талдықорған жоғары политехникалық төрайымжоғары санаттыоқытушы,«Альфараби»

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының комиссия мүшелері:

1. Акашева Клара Болатқызы – бастауыш кәсіподақ төрайымы

2. Садвакасова Мира Науонқызы – казначей

3. Мусауова Клара Сағынбайқызы – хатшы

4. Исмаилов Бурхан Шунаитұлы – қауіпсіздік техникасына жауапты

5. Тлеужанов Қайрат Көпбосынұлы – дене шынықтыру және спорт

6. Сенбаев Ердос Төреханұлы – мәдениет секторы

7. Жданова Елена Ивановна – комиссия мүшесі