ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ» КЕШІ ӨТТІ

Биыл жыл басынан бері жастар жылы аясында жер-жерде жастарды қолдау мақсатында іс-шаралар өтіп жатыр. Оның бірінде жастардың оқып-білім алуына жағдай жасаса, екіншісінде жастардың кәсіп бастауына мұрындық болуда. Осы орайда бүгінгі уақыттың тамырын тап басып, еңбек нарығындағы нақты талаптарға жауап бере алатын мамандар даярлауда Талдықорған жоғары политехникалық колледжі аянбай еңбектенуде. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында жастарды қолдау мақсатында «Студенттер қатарына қабылдау» колледж студенттеріне арналған мерекелік іс шара жоғарғы деңгейде өтті. Мерекелік шараға Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, қазақстандық грек-рим күресі палуаны Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысы «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жайық Тазабекұлы, Нұр Отан партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы және Алматы облыстық саңыраулар қоғамының маманы, сурдоаудармашы Зейнегүл Жаңабаева қатысты. Кеш қонақтары студенттерді мерекелерімен құттықтап, жақсы тілек-ниеттерін білдірді.