Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілуде


2022 жылдың 21 қаңтар айынан бастап Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында колледж оқытушылары Талдықорған қаласы мен Алматы облысы аудандарының  9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кәсіби бағдар беру  жұмыстары аясында оқушыларға  колледждің тарихы, мамандықтары, білім гранттары мен студенттік кезеңдегі шығармашылық және қызықты өмірі туралы ақпарат берді. Оқушылар Талдықорған жоғары политехникалық колледжі туралы бейнероликтер мен мәліметтерді тамашалап, сұрақтар қойып, сауатты, жан-жақты жауаптар алды.