Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің тарихи мұражайы

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің тарихи мұражайы — колледждің мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани — идеологиялық тәрбие беру орталығы.

Бұл орталық — ұлттық мәдени-тарихи нұсқаларды жинақтап, сақтап, насихаттап қана қоймай, жалпы адамзатқа тән үздік ұлттық құндылықтар мен дәстүрде тәрбиеленген, отанын сүйетін, өз болашағын мемлекет болашағымен байланыстыруға ұмтылатын, ел келешегін жалғастырушы, бәсекеге қабілетті жас мамандарды тәрбиелеу міндетін де атқарады.

Мұражай — колледжіміздің тарихи қоры, имиджі, және мәдениетінің басты көрсеткіші.