Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Төкенова Гульнара Сағидоллақызы «2021 жылдың Үздік педагогі» атанды!

Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Үздік педагог — 2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтады.

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушылары үздік атанды.

Биыл оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық рәсім аса көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты іс-шара ұлы ағартушының туған жерінде өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 мұғалім қатарында  Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің   арнайы пәндер оқытушысы  Токенова Гүлнара Сагидоллиновна «2021 жылдың Үздік педагогі» атағының иегері атанды!

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің үздік педагогтерін құттықтап, оларға төсбелгілер мен шамамен 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сертификаттарды табыс етті.

Айта кетейік, республикалық байқау комиссиясының құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамы мен «Атамекен» ҰКП өкілдері, журналистер, белсенді педагогтер, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының өкілдері және тағы басқалар кірді.

«Барлық жеңімпазды лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Қажырлы еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын» — Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

@bilim_jane_gylym