«Сыбайлас жемқорлық-теріс заңдылық және әлеуметтік қолжетімділік»

25 ақпан күні Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлық-теріс заңдылық және әлеуметтік қолжетімділік» тақырыбына сұрақ-жауап форматында дебаттық турнир өтті.

Жарыссөзге «SANALY URPAQ» студенттік клубының қатысушылары қатысты. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты бұл іс-шара онлайн форматта өтті.