«Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушевпен кездесу өткізілді.


Кездесуге «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің жетекшісі — Токушев Кайыржан Ахметбекович; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары — Жұмабаев Жандос Сағындықұлы; Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры, ф.-м.ғ.к. — Мұқажанов Ерқат Биғалиұлы; Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері және 180 – ге жуық колледж студенттері қатысты.


Кездесу барысында Колледждегі 2018 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған «Саналы ұрпақ» клубының атқарылған және алдағы уақыттағы атқарылуы тиіс жұмыстары туралы колледж директоры Мұқажанов Ерқат Биғалиұлы кеңінен әңгімелеп берді. Колледж ғимаратында «Саналы ұрпақ» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Саналы ұрпақ» кабинетінің ашылуы туралы бейнеролик көрсетілді.
Колледждегі «Саналы ұрпақ» клубының мүшесі Саматқызы Шырайдың толғанысты сөзі кездесудегі қатынасушылардың көңіліне үлкен әсер қалдырды.


Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап, ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу аясында, әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында Комплаенс қызметі құрылып, атқарылған жұмысының орындалуы туралы баяндама тыңдалды.


Өз кезегінде сөз алған кездесу қонағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы колледж басшылығы және ұжымымен бірге атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымды да көңілге қонымдылығына тоқталып, өзге білім ордаларына үлгі тұтарлық тамаша іс-шаралардың ұйымдастырылып отырғандығына шынайы ризашылығын білдірді.

Студенттер арасындағы сыбайлас жемқорлық туындататын зиянды әрекеттерге төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы сөз алды.


Кездесуді қорытындылаған колледж директоры аталмыш клубтың осы уақытқа дейінгі қол жеткізілген жетістіктерімен бірге алдағы кезеңнің міндетті шараларын да зор абыроймен атқарып шығатынына сенімділігін білдіріп, кездесудің құрметті қонағы Қайыржан Ахметбекұлына алғысы мен колледж ұжымының ыстық ықыласын жеткізді.