Саналы ұрпақ клубы

Жалпы ереже

  • «Саналы ұрпақ» клубы — бұл колледжде құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мақсатында құрылған студенттердің ерікті бірлестігі.
  • «Саналы ұрпақ» клубы – колледждің өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.
  • «Саналы ұрпақ» клубы — колледж директорымен бекітілген Ереже негізінде клуб жетекшісінің басшылығымен жұмыс жасайтын студенттер бірлестігі.
  •  «Саналы ұрпақ» клубының қызметі осы Ереже негізінде жүзеге асырылды.
  •   Клубтың қызметін реттейтін ішкі құжаттарды басшының өзі әзірлейді және колледж директорына ұсынады.

Мақсаты мен міндеттері

  • Жемқорлыққа қарсы мәдениет;
  • Ашық оқу орны;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмді енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру;
  • Білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы заңнама;
  • Ақпараттық қолдау;
  • Барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру;
  • Барлық білім беру субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтарын аттыру;
  • Студенттер мен оқытушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жетекшілеріне айналдыру

Клуб қызметінің принциптері

  • Еріктілік;
  • Жариялылық және шындық;
  • Клуб мүшелерінің құқықтық мәдениеті;
  • Клуб қызметін ұжымдық ұйымдастыру;
  • Клуб мүшелерінің мүдделерін, абыройы мен пікірлерін құрметтеу;
  • Әлеуметтік- пайдалы құндылық;

 

 

Клуб жұмысын ұйымдастыру

  • Клуб қызметіне қатысқысы келетін студенттер клуб мүшесі болып қабылданады.
  • • Клубтың жиналысында ауызша өтініш білдірсеңіз, клуб мүшелігіне қабылдана аласыз.
  • Клуб отырыстары кемінде 3 айда бір рет өткізіледі.

Клуб жетекшісі:

  • Клуб қызметін ұйымдастырады;
  • Кезектен тыс отырыс өткізу туралы шешім қабылдайды;
  • Әкімшілік жиналыстарда, студенттердің жалпы жиналысында клубтың жетістіктерімен таныстырады.

 

Клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Клуб мүшелері тең құқықтарға ие:

  • клубқа өз бетінше кіріп, клубтан шығуға;
  • кезектен тыс отырыс өткізу туралы шешім қабылдауға;
  • әкімшілік отырыстарда, конференцияларда клубтың қызметімен танысуға.