РИЗАШЫЛЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

“Жетім көрсең жебей жүр” деген қазақылығымызға қарамастан қазіргі қоғамда ата-анасыз өсетін балалардың саны мен оларды жан-жақты қолдаудан туындайтын түрлі мәселелер артып келеді.

Осы жағдайдың алдын алу үшін, қатыгездікке жол бермеу, жастардың бойына ізгілік ұялату, қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау, бауырмалдыққа тәрбиелеу, сонымен қатар, тағдыр тәлкегіне ұшырап, жетім атанып, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қоғамның назарын аударту және де балалардың көңілдеріне қуат сыйлау, оларға қамқорлық жасау, қолдау көрсету, олардың болашаққа деген үміттеріне сеніммен қарауға, келешекте еліміздің отансүйгіш ұл-қыздары болып өсуге тәрбиелеу бойынша түрлы ауқымды шаралар мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан бірлескен түрде үзбей атқарылатындығы баршаға белгілі.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің “ІТ – технологиялар” кафедрасының он күндігі аясында кафедра оқытушылары мен белсенді студенттердің бастамашылдығымен “Айналайын” балалар үйінде “Ризашылық” қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Жүздесу аясында білімгер жастар жиналғандарға концерттік бағдарлама ұсынып, командалық ойындарға қатысты. Қорытынды кезеңде топ жарған үздік жеңімпаздар арнайы грамоталармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.