ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «ZHANSUGUROV COLLEGE» колледж студенттері арасында жалпы білім беру пәндері бойынша аймақтық олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты: Таңдалған пән бойынша білімді тереңдету және біліктілікті қалыптастыру және дарынды жастарды анықтау және ғылымға бейімдеу болып табылады.

Аймақтық олимпиадаға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Кадырова Патям, Тахтаев Данияр «Информатика» пәні бойынша I орынды иеленісе, Жанбырбаев А, Туленберген А. ІІІ орынға ие болды, ал Мирхан Асқар алғыс хатпен марапатталды. Жас ұрпақты тәрбиелеуде жеткен жетістіктері мен техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы нәтижелері үшін жетекшілік еткен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Бюлюкеева Гүлім Маратқызы, Әбдіман Назерке және Узбанова Айгерим Сулеймановна алғыс хатпен марапатталды.