«М.ТЫНЫШПАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ — ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Мұхаметжан Тынышбаевтың тұлғасы мен атқарған еңбектері, қайраткерлік қыры, біліміне сай біліктілігі, халқына адалдығы, елі мен жерін қалай сүйетіндігі жастарға үлгі. Қазақ ұлтшылдығының, қазақ күресінің, қазақ интелигенциясының бейнесі болған, Алаш ардақтыларының бірі. Алаш ардақтысы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби инженер-теміржолшы, тарихшы-өлкетанушы, қоғам қайраткері Мұхаметжан Тынышбайұлына қатысты тың деректер табу, өмірі қызметін жан-жақты зерттеп, жас ұрпаққа еңбегін таныту мақсатында — М. Тынышпаевтың туғанына 140 жыл толуына байланысты Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің тарихшыларының ұйымдастыруымен «М.Тынышпаев және оның заманы» атты қалалық ғылыми — практикалық конференция өткізілді. Конференцияда Алаш арысының мұрасы кеңінен насихаттталды.