«МЕНІҢ ТУЫМ, МЕНІҢ ОТАНЫМ!»

«Nur Otan» партиясының бастамасымен Мемлекеттік Туды қоғамдық орындарда, туристік обьектілерде, сауда ойын-сауық орталықтарында, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында тұрақты негізінде орналастыру мақсатында «Менің туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясына ұйымдастырылуда. Акцияның мақсаты – Мемлекеттік туды кеңінен насихаттау және қазақстандық жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың Мемлекеттік туды қолдануға және орнатуға тыйым салу стреотипін жою болып табылады. Осыған орай, акцияны қолдау мақсатында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде іс-шара өткізілді. Студенттер мемлекеттік рәміздерге байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, Отан, туған жер жайында өлең жырларын тарту етті