Мектепке жол

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектебіне кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 9-11 сынып оқушыларына болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу, мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, мамандық иелерімен кездестіріп, пікір алмастырды. Колледж студенттері арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, «Мектепке жол» акциясы аясында колледж ұжымы мектеп оқушыларына қажетті құрал-жабдықтарын сыйлады.