МАРАФОН

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Жастар жылы аясында Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің әкімшілігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын насихаттауға арналған және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жұмысын жетілдіру мақсатында жеңіл атлетикалық марафон жарысы өткізілді. Марафонға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері және қаланың 300-ден астам 18-29 жас аралығындағы жастары қатысты. Марафон қатысушылары І.Жансүгіров көшесінің айналма жолынан бастап, Нұр-Сұлтан даңғылымен орталық алаңға дейін жүгірді. Нәтижесінде 18-29 жастағы қызметкер әйелдер арасынан Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Алиева Айым Қасенқызы жүлделі III орынды жеңіп алды.