Колледж сегодня

Герб колледжа:


Гимн политеха

Инженерлік-педагогикалық кадрларының жетістіктер нәтижелері 2019- 2020 оқу жылы:

1. Техникалық және кәсіптік білім жүйесі бойынша «2019 жылдың үздік педагогі» атты республикалық конкурсына қатысқан Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Тойшыбекова Әсел Биболатқызы жеңімпаз атанды.

2. Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабы «Ортақ шаңырақ» акциясы аясында «Арманыңа сен» облыстық үздік стартап жобалар байқауында Берліқожа Ж, Әбілмәжін К, Сатқұлов Б, Алибаева Ж Алғыс хатпен марапатталды.

3. «Нұр Отан» партиясының Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты қалалық байқауында колледждің «Парасат» БПҰ І дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды. Облыстық байқаудан жүлделі І орынға ие болды. Енді Республикалық байқауға жолдама алды.

4. Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ӘДІСКЕР -2019» атты облыстық байқауы өтті. Байқауға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің әдіскері С.О.Карибаева қатысып жүлделі III орынды иеленді.

5. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің құрама командасы Ұлттық Тоғызқұмалақ ойынына қатысып, жүлделі II-орынды иеленді.

6. Алматы қаласында Республикалық «Ел үміті» жастар форумы өтті. Форумға Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Нұрғожаев Шыңғыс қатысып, «Ел үміті» форумының жүлдегері.

7. Грек-рим күресінен КСРО спорт шебері Қапсаламов Бақтай Рамазанұлын еске алуға арналған Алматы облысының ашық турнирінде шағын футболдан Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің командасы І орын алды.

8. Алматы облысы Білім және Ғылым қызметкерлерінің спартакиадасында белсене қатысып, Жетісу өңірінде спорттың және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ұжымы грамотамен марапатталды.

9. Талдықорған қаласында Жастар спорт сарайында өтіп жатқан Алматы облысының Білім және ғылым қызметкерлері спартакиадасында үстел теннисінен, ІІ орынды иеленген Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары Маралбаева Меруерт пен Нысанғалиев Арнұр.

10. «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі » тақырыбында баяндамалар оқыды. Семинар барысында «2019 жыл-Жастар жылы » тақырыбында латын қарпіне негізделген жалпықазақстандық ашық диктантта үздік нәтиже көрсеткені үшін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Тілтану» кафедрасының оқытушысы Дүйсембекова Ақерке Нұрмұхамбетқызы дипломмен марапатталды.

11. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары «Қала күніне» орай өткізілген мерекелік шараға белсене қатысып, «Эко-сән үлгілері» байқауында өнер көрсетіп, ІІ орынды иеленді.

12. «Арманыңа сен» облыстық үздік стартап жобалар байқауының нәтижесі бойынша Берліқожа Жігер, Әбілмәжін Көмек, Сатқұлов Бақтияр, Алибаева Жадыра алғыс хаттармен марапатталды.

Талдықорған жоғары политехникалық колледж студенттерінің жетістіктері 2019-2020 оқу жылы

1. Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабы «Ортақ шаңырақ» акциясы аясында «Арманыңа сен» облыстық үздік стартап жобалар байқауында Жақсылықова Индира мен Жанай Ажар ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2. Тіл мерекесіне орай, Абдурашидов Хуршид пен Ярмухамедова Дильназ «Көркем сөз, көркем ой, көркем тіл» атты облыстық байқауда Алғыс хаттармен марапатталды.Жетекшісі: Абиханова А.Т.

3. Ф-611б топ студенті Қанатбек Аслан джиу-джитсу спортынан 62кг салмақта Алматы облысының чемпионы атанды.

4. Еркін күрестен Кеңестер Одағының Социалистік еңбек ері З.Тамшыбаеваны еске алуға арналған Республикалық турнирде ФТ-812б топ студенті Мұхаметқали Дидар ІІІ-орынды иеленді.

5. «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 125 жылдық мерейтойына арналған І республикалық «Үш бәйтерек» онлайн байқауында Байзақ Самал жүлделі ІІ орын алды. Жетекшісі: Бешен З.

6. 21-27 қазанда Жастар спорт кешенінде бокстан жастар арасында халықаралық «Жетісу» турнирінде ФТ-812 топ студенті Шаяхметова Жұлдыз І-орын, ФТ-815 топ студенті Сакенова Ардақ ІІ-орынды иеленді.

7. Алматы қаласында «Жайдарман» клубы «STUDENT LIVE» лигасының 4/1 ойыны өтті. Колледжіміздің «Жарлыөзек» командасы қатысып, І орынды иелеіп, 2/1 ойынға жолдама алды.

8. 17-20 қазанда Алматы қаласында қоян-қолтық жекпе-жектен ашық турнир өткізілді. Омар Бекарыс І-орынды, Тынысбеков Қажымұқан ІІ-ші орынды иеленді.

9. «Айбын» әскери спорттық сайысында колледждің «Жасұлан» командасы жүлделі ІІІ-орынды иеленді.

10. Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Кеген ауданында өткен «Қазақтану» жобасы аясында облыстық форум өтті. Кадырова Патям ІІ-дәрежелі дипломмен, Ярмухамедова Дильназ, Саутов Ислам дипломмен марапатталды.

11. Грэпплинг күресінен Бакуде өткен 25 мемлекеттен 800-ден астам спортшының басын қосқан біріншілікте колледж студенттері Ақажан Ақжан 1 орын, Қанатбек Аслан 3 орын, Мырзалинов Нұрбек 3 орын иеленді.

12. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының қолдауымен Алматы облысы студенттері арасында «ПАРАСАТТЫЛЫҚ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕ АЛАДЫ» атты эссе байқауынан Талдықорған жоғары полиехникалық колледжінің студентті Байзақ Самал Нұрланқызы І орынды иеленді.

13. 4. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының қолдауымен Алматы облысы студенттері арасында «ПАРАСАТТЫЛЫҚ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕ АЛАДЫ» атты эссе байқауынан «Сыбайлас жемқорлық пен парасаттылық туралы үздік көзқарас» номинациясы бойынша Турдахун Мадина арнайы дипломмен марапатталды.

14. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, «Мүшелтой» аула клубы және Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының қолдауымен «ПАРАСАТТЫ БОЛАЙЫҚ» тақырыбында І-ші облыстық колледж студенттері арасында өткізілген зияткерлік ойынында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Қыран» ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

15. Жастарға қызмет көрсету орталығында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлең – сөздің патшасы» атты қалалық оқу орындары арасындағы байқауда колледж студенті Бекмұратқызы Жұлдыз жүлделі II орынды иеленді.

16. «ҚР колледждерінің ТОП 100 студентері» жобасының жеңімпазы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының белсенді студенті — Байзақ Самал Нұрланқызы.

17. «ҚР колледждерінің ТОП 100 студентері» жобасының жеңімпазы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Техник-бағдарламашы» мамандығының белсенді студенті — Турдахун Мадина Бейбітқызы.

18. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері Кадырова Патям, Тахтаев Данияр І.Жансүгіров атындағы колледжінде өткен «Жалпыпәндер бойынша аймақтық студенттік олимпиадада» Информатика пәні бойынша I орынды иеленді.

19. «Кемел келешекке — сапалы білім» атты қалалық «It stydent» сайысына Турдахун Мадина Бейбітқызы қатысып I — орынды иеленді.

20. «WorldSkills Kazakhstan – 2019»⚡ Ұлттық чемпионаты аясында арнайы ұйымдастырылған Abilympics жəне Deafskills чемпионатында мүмкіндігі шектеулі және есту қабілеті нашар балаларға да мүмкіндіктер беріліп, әр-түрлі құзыреттіліктер бойынша олар да өз шеберліктерін сынға салды. Ұлттық чемпионатқа Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша қатысқан колледж студенттері Бақытбек Балғын І-орын, Якунина Татьяна ІІ-орын, Бақытбек Түлек ІІІ-орынды иеленді.