«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойын сайысы

2021жылдың 04 наурыз күні Колледж кітапханасында «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары Сейсенбаева Г.Д., Жунисова А.К. Ф-011б, ФТ-011б, Ф-01б топтары арасында «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойын сайысын өткізді. Осы жарысқа әділқазы алқалары бекітілді: Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің әдіскері Тойшибекова Асель Биболатовна, «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Жумайбеков Ержан Кабланбекович және «Тілтану» кафедрасының меңгерушісі Садуакасова Мира Науновна.

Ойын презентация, сұрақ-жауап, компьютер арқылы интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Ойын төрт кезеңнен құрастырылды. 1 кезең шарты: Экранда көрсетілген бейне фото бойынша Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын атаңыздар; 2 кезең шарты: Экранда көрсетілген спорт ойын түрлерінің шығу тарихы, ойын ережесіне сипаттама беріңіздер; 3 кезең – Макал – мәтелдер; 4 кезең шарты: Ғажайып ұяшықтардағы тапсырманы таңдап, берілген сұрақтарға жауап беру.

Жарыстың қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы жеңімпаз командаларды анықтап, колледж директорының мадақтау грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапатталынып, «Дене тәрбиесі» кафедрасының он күндігі салтанатты түрінде «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойын сайысымен жабылды.