“Жетісу” жаңалықтары:

ISO 37001 — сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенімді көмекші. Талдықорған жоғары политехникалық колледжі — комплаенс халықаралық стандартын алған елдегі алғашқы орта білім ордасы атанды. Кеше ғана Беларусь мемлекетінен келген мамандар аудиторлық тексеріс жүргізді. Үздік нәтиже көрсеткен колледжге сертификат табыстады.