ЖЕТІСУ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің» Алматы облысы бойынша департаментінің Құқық және парасаттылық басқармасы, «Жетісу- адалдық алаңы» жобалық кеңсе және Алматы облысының парасаттылық елшілері бірлесіп «Ашық аспан астындағы мәдени арбат» атты ақпараттық-түсіндіру кешін өткізді. Осы кешке Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері де өз үлестерін қосты. Іс-шарада жастар қозғалысының қатысушылары «Мүшелтой» балалар-жасөспірімдер клубының белсенділерімен, сондай-ақ қалалық «Саз» музыкалық колледжінің студенттерімен «Талдықорған қаласының арбаты қандай?» атты қойылыммен бірге жас ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында «Өкініш» атты сахналық қойылым көрсетті. Атаулы кеште колледжіміздің парасаттылық елшісі, Байзақ Самал және Ерқамза Усман өз өнерлерін көрсетсе, іс-шара барысындағы тәртіпке колледжіміздің Алматы облыстық полицияға қолдау көрсетуші «Жалын» студенттік жасағының мүшелері де қатысты. Шара соңы өңірдегі өнерпаз жастардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.