«ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ»

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жарияланған 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.

Осы мақсатта Талдықорған жоғары политехникалық коллдежінде «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің бастауы» атты Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кеш колледж директоры ф-м.ғ.к. Е.Б. Мұқажановтың құттықтау сөзімен бастау алды. Колледж студенттері концерттік бағдарлама ұйымдастырып, колледжіміздің «Құлагер» театры Тәуелсіздік күніне арналған арнайы қойылым қойды. Мерекелік шара өте жоғары деңгейде өтті.