«Жас маман» жобасы

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес министрлік «Жас маман» жобасы аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің техникалық мүмкіндіктері еселеніп, колледж базасы әлемдегі озық технологияларды қолданатын соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен толықты.

Жобаның негізгі мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтар бойынша жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу. Колледжді жабдықтауға арналған жабдықтар жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсыныстарына, жұмыс берушілердің талаптары мен WorldSkills стандарттарына сәйкес жасалған.

«Жас маман» жобасы іске асыру барысында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды дайындау үшін IT бағыты мен құрылыс мамандықтары бойынша өз өңірі үшін құзыреттілік орталықтары ашылып, WorldSkills ұлттық және халықаралық чемпионаттарына қатысушыларды даярлауды жүргізетін болады.