«ЖАС МАМАН»: БОЛАШАҚҚА ТАҒЫ БІР ҚАДАМ

Әр адамның алға қойған мақсаты бар, мол мақсатқа жету жолында көптеген амалдар қолданып, жоспар құрамыз. Мен, Тлеубай Диас Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студентімін. Аталған колледжді таңдаған себебім техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарның үздіктерінің бірі. Әр қабілетімді жетік меңгеріп, бағыт бағдар беріп отыратын ұстаздардың еңбегі көп.

2020 жылы Талдықорған жоғары политехникалық колледжі мерейлі 85 жылдығын атап өтті. Оқу ордамыз жылдан-жылға дамып, өркендеу үстінде. Колледжде Республика деңгейіндегі «Жас маман» жобасы іске асырылуда. Жоба барысында колледж базасы жаңа жабдықтарманармен толығып, заманға сай білікті маман дайындау мақсатын қолға алды. 2020 жылы WorldSkills аймақтық чемпионатына қатысып, «Веб-дизайн және әзірлеу» құзыреттілігі бойынша жүлделі І орынға ие болдым. Бұл жеңіске жету жолымда «Жас маман» жобасы аясында құрылған WorldSkills жаттығу орталығы өз үлесін қосты. Ендігі алдыма қойған мақсатым мамандығым бойынша Республика деңгейінде жүлделі орынға ие болу және болашақта өзімнің мамандығым бойынша еліміздің IT саласынының дамуына үлесімді қосу.

85 жылмен тұспа тұс келген тағы бір жаңалығымыз – студенттерге арналған жана заманауи жатақхана қолданысқа берілді. Жатақхана соңғы жаңа тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Оқу орнына жақын жерде орналасқан. Жаңа студенттер үйінің ашылуы, облысымызда жастарға жайлы жағдайлар жасалынып, кәсіптік-білімді игеруде, білімді де білікті жас ұрпаққа үлкен қолдаудың белгісі.

Елімізде жастарға көптеген жағдайдайлар жасалуда. Бұл біз үшін, мақсатқа жету жолында, білікті маман болып қалыптасуда үлкен мүмкіндіктер ашады!

 

Тлеубай Диас Қайратұлы,

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4-ші курс студенті